РУС

КАЗ

тел.:  +7 (727) 356-07-33
факс: +7 (727) 356-07-36

Қош келдіңздер

Сайттың арқасында енді біз Сіздерге жақын болдық.Сайтта сіз қалаған сұрақ қойып сондай ақ қойған сұрақтарыңызға толық кәсіби мамандардың жауабын ала аласыздар, сонымен қатар біздің жұмыстың қағидалары туралы және көптеген басқада ақпараттар біле аласыздар.

Нақтырақ...

 

Клиенттер

 

Біздің коллекторлық агенттігіміздің саны көп клиенті бизнестің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін ұйымдар болып табылады. Агенттіктің жетістігі үнемі даму үстінде, сондықтан қызметіміз көп қырлы, біз келесілермен тұрақты шарт негізінде жұмыс істейміз:

 

  • Банктермен, шағын несиелік ұйымдар және басқа қаржылық институттармен
  • Коммерциялық ұйымдар және шаруашылық ететін субъектілермен
  • Сақтандыру компанияларымен
  • Лизингтік және факторингтік компаниялармен

 

Сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың мүддесінде бір реттік өтеулерді жүзеге асырамыз.

Инновациялық әдістерді қолданатын замануи ұйым болып табыла отырып, барлық күшімізді көрсетілген қызметтер сапасын жақсартуға саламыз.

Сақтандыру компаниялары

Сақтандыру компаниялары ЕКА басым клиенттерінің бірі болып табылады. Шартта өзге ештеңе бекітілмесе, сақтандырушылық өтеуді төлеген сақтандырушыға сақтандыру (суброгация) нәтижесінде өтелген шығындарға жауапты тұлғадан сақтанушы (табыс алушы) ала алатын талап ету құқығы төленген сома шегінде ауысатыны бәріне мәлім. ЕКА Сізге сақтандыру жағдайы туындауға кінәлі тұлғадан толық қарызды өтеу бойынша толық қызмет кешенін ұсынуы мүмкін.

 

ТКШ мекемелері

Тұрмыстық-коммуналдық салада коммуналды қызметтерді «созылмалы» және әдейі төлемейтін тұлғаларға қатысты жағдай елеулі қиындық болып табылады. Мұндай тұтынушылар төлеу тәртібін бұзып, басқарушы ұйымдардың коммуналдық жүйелерге сапалы қызмет көрсету бойынша мүмкіндіктерін төмендетеді және олардың қормен қамтамасыз ететін ұйымдардың алдында қарыздарын көтереді.

«Еуразиялық коллекторлық агенттік» ЖШС тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарына, соның ішінде электрмен және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындарға  жеке және заңды тұлғалардан қарызын өтеу бойынша мерзімі өткен сәтінен бастап қарызды толық өтеуге дейін толық қызмет айналымын ұсынады.

Жоғары нәтижеге қарызды төлеу туралы жүйелі түрде, соның ішінде жұмыс уақытынан тыс кезде ескертудің, шағым жіберудің және т.б. арқасында қол жеткізуге болады. Технология борышкерлердің әр әлеуметтік тобын көндірудің және заңгерлер мен психологтар әзірлеген келіссөздердің типтік сценарийлерінің ерекшелігіне негізделген.

Анағұрлым қасақана төлемеуші тұлғалардан қарызды сот тәртібінде талап етеміз, сонымен қатар мүлікті, соның ішінде жасырылған мүлікті табуға және нақты ақша алуға көмектесеміз, өйткені қарызды мәжбүрлеп өтеуде көп тәжірибеміз бар.

Сонымен бірге осы іс санатының әлеуметтік аспектісін түсінеміз және әлеуметтік серіктестілік ұстанымдарына негізделген тек заңды өтеу әдістерін пайдаланамыз.